07.09.2020, 12:00

Әкімдік қызметкерлері «өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінді

фото: almaty-akshamy.kz
Шенеуніктердің әрекетіне қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Қостанай облысы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері "өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алау" басылымының жазуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған. 

"Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр. Мәселен, олар ШОБ субъектісі болып табылатын серіктестік басшысына Заречный кентінде газ құбырын тарту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының ақысына 10,8 млн теңге көлемінде қаражат беруге мәжбүрлеген", - деп хабарлайды ведомствадағылар.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Шенеуніктердің әрекетіне қатысты соңғы шешімді сот шығарады.