Бүгін Алматыда Абайдың мерейтойын атап өту аясында ұлы ақынның өмірі жайлы фильмдер ашық аспан астындағы кинотеатрда көрсетіледі, - деп хабарлайды Sn.kz.
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліментінше, бұл ой карантиндік шаралар жағдайында кең аудиторияға кинофильмдерді көрсетудің мүмкін болған жалғыз қауіпсіз түрі – автомобильдік кинотеатрдың ашылуының арқасында жүзеге асырылып отыр.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Абай Құнанбаевтың құрметіне әртүрлі жылдары түсірілген екі өмірбаяндық кинокартинаның ашық көрсетілімі өтеді:
- «Абай өлеңдері» («Песни Абая») - МұхтарӘуезовтің «Абай жолы» шығармасыбойынша 1945 жылытүсірілген. Картина режиссерлері - Григорий Рошаль мен Ефим Арон.
- «Абай» - режиссері Ардақ Әмірқұлов. Кино ұлы ақынның 150 жылдығына орай 1995 жылы түсірілген.
«Кинотеатрдың жаңа, ал анығын айтқанда көптен ұмыт болған ашық аспан астындағы ескі пішімі өз жұмысын «Атакент» көрме орталығының аумағында бастады. Ол 200 автокөлікке есептелген. Ойды жүзеге асырушылар іс жүзінде байланыссыз қатысуды қамтамасыз етті: билетті тек сайтта ғана сатып алуға болады, бүкіл киносеанс кезінде көрермендер бір-бірінене дәуір қашықтықта тұрақтаған автокөліктердің ішінде отырады»,– деп хабарлады «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның баспасөз қызметінен.
Фильмдердің көрсетілімі 20:30-да және 23:00-де өтеді.