10.08.2020, 12:04

Абай-175: Алматылық жеткіншектeр Абайды қаншалықты біледі

Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы – ұрпағы үшін теңдессіз қазына. Уақыт өткен сайын Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау бұл – заңдылық дейді ғалымдар. Абай сөзі қашан да ұрпақтың бағыталатын темір қазығы болып қалмақ.

Қазіргі жас-жеткіншек Абайды қаншалықты біледі? Олардың Абай шығармашылығына деген көзқарасы қандай? Алматылықтар арнайы сауалнамаға қатысты, - дeп хабарлайды Sn.kz.

Нұрсұлтан: Абайдың азан шақырып қойған есімі – Ибраһим. Бұл Құранда аты аталған 25 пайғамбардың бірі. Оның атын әкесі Құнанбай қояды. Ибраһим араб тілінен аударғанда «сүйкімді» деген мағына береді. Зере әжесі «Абайым», «Абай» деп еркелетіп, содан Абай аталып кеткен.  

Фариза: Құнанбай баласының зеректігін бірден байқап, оған жан-жақты білім беруге тырысады. Ал 13 жасында оны оқудан алып кетіп, ел басқару жұмысына салады. Оған қоса, әкесі ел тартысында өзіне кеңесші әрі сарапшы іздей бастайды. Басында «барыпкел, шауыпкелмен» жүргенжас Абай аз уақыттың ішінде жуан би, ел тартысының атқамінері болып шыға келеді.

Айдос: Абайдың ең алғашқы ғашығы – Тоғжан. Бірақол Ділдәмен отау құрады. Бұл кезде Абай 15 жаста еді. Абай Құнанбайұлыкөптеген өлеңдеріне өзі ән жазған. Олардың ішіндегі танымалы - «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай». Алматылықтар бұл әндерді тамаша орындап берді.

10 тамыз Абай күні деп белгіленуінің мақсаты да ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыда дамуымыз үшін. Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы – ұрпағы үшін теңдессіз қазына. Уақыт өткен сайын Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау бұл – заңдылық дейді ғалымдар. Абай сөзі қашан да ұрпақтың бағыталатын темір қазығы болып қалмақ.