$ 494.87  520.65  4.91

Роман Скляр болашақта Қазақстанда қотыр жолдар болмайтынына сендірді

Роман Скляр Мемлекет басшысының елдегі инфрақұрылымды дамыту туралы жолдауда айтқан тапсырмасын орындау үшін Үкімет алдында осындай мақсат қойып отырғанын жеткізді.
Фото: time.kz
Фото: time.kz

2025 жылға қарай Қазақстанда республикалық жолдардың бәрі жөнделіп, қайта салынып немесе жаңарады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте вице-премьер Роман Скляр мәлім етті.

Роман Скляр Мемлекет басшысының елдегі инфрақұрылымды дамыту туралы жолдауда айтқан тапсырмасын орындау үшін Үкімет алдында осындай мақсат қойып отырғанын жеткізді.

«Транзиттік позицияны ұстап қалу үшін біз қызмет көрсету, тасымалдаулардың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргіземіз. Осы мақсатта Қазақстанның көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жалғасады. 2020 жылы республикалық автокөлік жолдарының (қазір салынып жатқан – авт.) 4 мың шақырымы ашылады. Ал, 2025 жылға дейін республикалық автокөлік жолдары 100% қалпына келеді, қайта салынады және сервистік инфрақұрылым толық салынады», - деді Үкіметтің алдағы жоспарымен бөліскен Р. Скляр.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанда автожолдың 90 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Роман Скляр