$ 447.4  477.55  4.76

Мемлекет қандай адамдардың пәтерақысын төлеуге көмектеседі? - министр жауабы

Қазір Қазақстан бойынша 530 мың адам үй алуға кезекте тұр.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Бүгін, жетінші қыркүйек күні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пәтерақыны субсидиялау қалай жүзеге асады деген сұраққа қатысты бірқатар жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды azattyq-ruhy.

Айта кетейік, бірінші қыркүйекте жолдау жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін нақты шаралар қабылдау керек деп тапсырма берген болатын.

Атамқұловтың болжамынша, Үкімет жалға берілетін баспананы алған отбасылардың жалға алу ақысынан 70-80% ақшаны субсидиялайды.

«Жалға берілетін баспананың бір бөлігін субсидиялау ұсынылып отыр. Мемлекеттік органдармен бірге есептей келе, субсидия көлемі мен сандарға тоқталсақ, шамамен 70-80% (пәтерақының осынша пайызын) субсидиялау жоспарланып отыр», - деді Атамқұлов.

Жалпы, бұл көмекке ие болатын адамдардың тізімін «Отбасы банк» жасайды. Осы банк Қазақстан бойынша тұрғын үйге кезекке тұрған азаматтардың бірыңғай тізімін жасап отыр.

«Алдын ала мынандай есеп жасап отырмыз: табыс көлемі отбасының бір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейіне сай, 32 668 теңгеге тең болуы керек. Жалға беру мерзімі – жыл сайын осы баспанаға мұқтаж екенін растап отырса, бес жылға дейін болады. Жалға берілетін тұрғын үйдің аумағы 60 шаршы метр. Жалпы, пәтерақыны субсидиялаудың нақты тетігі 2020 жылдың соңына дейін дайын болады», - деп сендірді Атамқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары