08.09.2020, 03:27

Ғалымдар көзге зиян келтірмейтін экран ойлап тапты

Фото: pixabay.com
Мамандардың сөзінше, оларға қолданушылардың көру қабілетін төмендетпейтін экран жасап шығару маңызды болған.

Аспан асты елінің ғалымдары көзге зиян келтірмейтін экран жасап шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Қытайлықтар жаңа дисплейді электронды кітаптар мен планшеттер шығаруға пайдалануды жоспарлап отыр.

Жаңа технологияны TCL компаниясы Берлинде өткен IFA 2020 көрмесінде ұсынған.

Мамандардың сөзінше, оларға қолданушылардың көру қабілетін төмендетпейтін экран жасап шығару маңызды болған.

NXTPAPER қазірдің өзінде көзді қорғау технологиясы бойынша 11 патент және Рейндегі неміс зертханасынан, Швейцарияның SGS зертханасынан және VDE қауымдастығынан тиісті сертификаттар алған.

"Біздің жоба, әсіресе, қазіргі уақытта өте маңызды. Өйткені көптеген адамдар үйде жұмыс істеп, экран алдында көп уақыт өткізуде. Біз олардың көру қабілеттерін сақтауға көмектесетін құрылғылар жасауымыз керек деп шештік", - дейді TCL бас менеджері Джефферсон Ли.

Зерттеудің екі жыл бойы жүргізілген. Жаңа технология болашақта сұйық кристалды дисплейлердің де орнын басуы ықтимал. 

Тегтер: ғалымдар