$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанның футбол құрамасы Беларусь ойыншыларынан жеңіліп қалды

Екі топтың кездесуі 7 қыркүйек күні Алматыда өтті.

Қазақстанның футбол құрамасы Беларусь ойыншыларынан Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан сайыста жеңіліс тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

Екі топтың кездесуі 7 қыркүйек күні Алматыда өтті. Өкінішке орай, қазақстандық спортышылар қонақтардан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Барлық голдар сайыстың екінші таймында соғылыпты. Алғашқы ұпайды Беларусь командасы еншілесе, кейіннен Максим Бордачев есімді қазақстандық футболшы есепті теңестірген. Десек те үшінші голды соққан қарсылас топтың футболшысы Виталий Лисакович беларусьтарға жеңіс сыйлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары