$ 448.15  483.46  4.86

Абай – 175: Құдіретті тіл, қоңыр үн

Лирикалық кеш хакім Абайдың образын көрсетумен басталды.

Қазақ халқының бас ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында «Құдіретті тіл, қоңыр үн» атты лирикалық кеш өтті. Онлайн форматында өткен шараны аудандық Шамшат Төлепова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырды. 
Лирикалық кеш хакім Абайдың образын көрсетумен басталды. Әрбір көріністі поэзия әлемімен ұштастырған кеште хакім Абайдың өнегелі сөздері айтылды. Одан әрі мәдениет үйінің өнерпаздары Абай өлеңдерін оқып, ерекше мәнерімен тәнті етті. 
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес.
Өмір деген осы екен ғой дүние-ай!
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп кешті түйіндеген өнерпаздар Абай мұрасының мәңгі өлмейтінін айтты. 
«Абай атамыздың өлеңдері көкейге ой салып, жүректі тебірентеді. Абайдың туындыларынан ана тіліміздің құдіретін көреміз, әндерінен қоңыр үнді естиміз. Хакім Абай халқымызға ғасырларға жететін мол мұра қалдырып кетті. Сол асыл құндылықты қастерлеп, келешекке жеткізу бүгінгі ұрпақтың парызы деп білеміз. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған лирикалық кешіміз бас ақынның мұраларын насихаттауға кішкене болса да үлес қоса білсек деген ниеттен туған болатын», - деп пікір білдірді мәдениет үйінің мамандары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары