09.09.2020, 17:40

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын 135 дабылқаққыш орнаттылды

Статистикаға сәйкес үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде қала бойынша 362 өрт болды.

ТЖД өкілдері тұрғын үйлерде улы газды анықтайтын 135 дабылқаққыш орнатты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020-2021 жылдары жылыту маусымына дайындық аясында жеке тұрғын үй секторында алдын-алу жұмыстары жүргізілуде. Департамент өрттің алдын алу шараларын жүргізіп, аулаларды аралап, рейдтерге шығып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді. Аралау барысында пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштардың орнатылуына баса мән беріледі. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнатуда ақау болса, оны түзету туралы ұсыныстар айтады, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады. Қала аумағы бойынша 22 633 жеке тұрғын үй және 10 611 саяжай есепке алынған.

“Биыл 15 тамызда өрт қауіпсіздік кезеңі басталғалы алдын-алу жұмыстарымен 4095 жеке тұрғын үй мен саяжай қамтылып, 6699 адамға түсіндірме жұмыстары өткізілді. Улы газды анықтайтын 135 дабылқаққыш орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда”,- деп атап өтті департамент өкілдері.

Сонымен қатар мамандар азаматтарға алдағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ескертеді.

“Ақауы бар розеткаларды, басқа да электротұрақтылық заттарды қолданбаңыздар. От жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолданбаңыз, бұған салғырт қарау қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін”,- дейді мамандар.

Статистикаға сәйкес үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде қала бойынша 362 өрт болды. Олардың басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алған.