10.09.2020, 12:40

Президент Қостанайға барды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, дихандармен және ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі", - деп жазды ол.