Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды Sputniknews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
"Ақ Жайықтың" анықтауынша, бүгін, 10 қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды", - деп жазды басылым.
БАҚ-тың мәліметінше, шенеуніктерді елордадан Атырауға арнайы барған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкері ұстаған. Істің мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл хабарламаға түсініктеме беруден бас тартты.