Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен, балалардың өмірін құтқарудағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін акушер-дәрігер Перизат Садықова, мейірбике Арайлым Жиделиева және акушер-дәрігер Виталий Грушевский «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, - дeп хабарлайды Sn.kz.
Марапаттау рәсімін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров жүргізді.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша адам өмірін сақтап қалғандары үшін барлық марапат иелеріне алғыс айтамын! Марапатталғандардың арасында пандемия кезінде науқастарға медициналық көмек пен қоса құтқару жұмыстарын да көрсеткен дәрігерлер бар. Кез-келген уақытта қол ұшын созып, көмекке келуге дайын азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз. Жауапкершілік пен табандылық, батылдық және жедел шешім қабылдау қабілеті - бұл біздің мұрагерлерімізде болуы керек қасиеттер. ТЖ депаратаменті ұжымының атынан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға табыс және отбасыларыңызға денсаулық тілеймін!»,- деп атап өтті С.Әубәкіров.
Ведомстволық наградалар дүниежүзілік таланттар одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі Аманжол Әсембиұлы Жансейітовке және Алматы қаласы Наурызбай ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ержан Әбдіразақовқа берілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 01 маусым күні сағат 12.20 шамасында Аманжол Әсембайұлы Жансейітов ұлымен бірге Сәбденов көшесінің бойындағы азық-түлік дүкеніне келе жатып кенеттен қатты айқайлаған дауыстарды естиді, өтетін жолдың бойында жиналған адамдар мен кәріз құдығында ес-түссіз жатқан 2 ер адамды көреді.
Кәріз ішіндегі жағымсыз заттар себебінен люк жанында тұрған адамдардың ешқайсысы төмен түсуге батылдары бармады. Аманжол тез арада шешім қабылдап өз өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп туралы ойламай, кәріз ішінде газбен улануы да мүмкін екендігіне қарамастан, адамдарды құтқаруға кәріз құдығына түседі.
Аманжол төмен түскенде шұңқырда жатқан зардап шегушілерді көріп бастарын бір жағына бұрып, бетін ластанудан тазартты, бірақ бірнеше секундтан кейін бас айналып өзін нашар сезінген соң дем алу үшін жоғары көтерілді, осы кезде Ержан Әбдіразақов та кәріз түбіне түсті. Ол бір бөтелке су алып, зардап шегушінің біреуінің бетіне құйды, екінші зардап шегушінің қозғалғанын көріп жейдесі мен галстугын шешіп, сулы орамалмен бетін жауып төменге түседі. Аманжол Жансейітов таза ауамен дем алған соң, оның соңынан түсіп, арқанның көмегімен зардап шегушілерді кезек-кезек көтеріп сыртқа шығарып, люктің қақпағын жауып тастайды. Аманжол Әсембайұлы Жансейітов пен Ержан Әбдіразақовтың батыл әрекетінің арқасында 25 және 42 жастағы екі адамның өмірі сақталып қалды!
Ағымдағы жылғы 18 шілдеде Алматы қаласындағы №1 перзентхананың балалар реанимация бөлімінде өрт шықты, онда 8 жаңа туған сәби болды. Реанимация бөлімінде өрт дабылы іске қосылды. Сол түнгі кезекшілік топ тез арада төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер алгоритміне сәйкес анық және дүрбелеңсіз жұмыстар атқарды.
Сонымен, жедел түрдегі реанимация бөлімшесіндегі 8 жаңа туған сәбиді акушер-гинеколог Перизат Садықова және балалар медбикесі Арайлым Жиделиевамен нұсқауларға сәйкес қауіпсіз жерге көшірілді. Дәрігерлердің бірі Виталий Грушевский электр сымдарының тұйықталуына жол бермей, ұнтақты өрт сөндіргішті тез арада қолданып үлгерді.
Қызметкерлердің механизмге дейінгі дағдылары өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды сөндіруге мүмкіндік берді.
Сонымeн біргe, ҚР ІІМ басшысы Рымқұлов Дәуренді ерлігі мен батылдығы үшін марапаттады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен адамдарды өрттен құтқарудағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Батырға медальді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров табыс етті. Адамдарды, оның ішінде төрт баланы өрттен құтқарған Рымқұлов Дәурен лайықты марапатқа ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз күні сағат 21.33-те ТЖ департаментінің «101» пультіне Алмалы ауданы Радостовца көшесі 49 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің дәлізі мен ас үй ашық жалынмен жанып жатты. Өз өмірін қатерге тіккен
Рымқұлов Дәурен өрт сөндіру есептері келгенге дейін пәтерде қалған адамдарды құтқаруға ішке ұмтылып, өрт сөндірушілерге қызыл жалынмен күресуге белсенді түрде ат салысады.
Шұғыл жағдайларда адамдарды құтқарып, белсенді азаматтық ұстаным танытқаны және жас ұрпаққа үлгі көрсеткені үшін Алматы қаласы ТЖ департаментінің басшылығы оны марапаттауға ұсыныс жасаған болатын.
"Айналаны, адамдарды қорғауды өзінің парызы санайтын нағыз қазақстандық азаматқа тән батылдық пен ерлік көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз, көптеген жылдар бойы кәсіби спортпен шұғылдану Сізге бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді",-деп атап өтті Серік Әубәкіров.