$ 443.85  474.3  4.8

Төтеншеліктерге құтқару техникасы тапсырылды (ФОТО)

№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы аты аңызға айналған өрт сөндіру автомобилін еске алу үшін құрылған өрт техникасына ескерткіш құрылған.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тҚазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында және азаматтық қорғау органдарының 25-жылдығы аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне 25 бірлік құтқару техникасы тапсырды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 20 арнайы техника, оның ішінде 17 өрт сөндіру автоцистернасының, 2 авариялық-құтқару және 1 командалық машинаны бар, - дeп хабарлайды Sn.kz.

Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше қызметкері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Қарағанды облысы әкімінің ведомстволық наградаларымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты іс-шараның қонақтары үшін өрт сөндіру бөлімінің аумағында авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Ал өрт сөндіруші-спортшылар оқу мұнарасының 3-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілгенін көрсетті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қарағандылық құтқарушылардың техника паркі Ішкі істер министрлігі сатып алған 5 арнайы техникамен толықты.Нақты айтқандаІшкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жаңа техниканың кілтін табыс етті.

«Бөлімшелерді арнайы техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыру жедел әрекет етуді арттырады және тиісінше халықты қорғау деңгейін жоғарылатады. Қарағанды облысының басшылығына біздің бөлімшелерге көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Құтқару қызметтері облыс халқын барлық ықтимал төтенше жағдайлардан сенімді қорғауды қамтамасыз ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Юрий Ильин.

№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы аты аңызға айналған өрт сөндіру автомобилін еске алу үшін құрылған өрт техникасына ескерткіш құрылған. ГАЗ-51-АЦ 36/20 автомобилінің базалық шассиіндегі өрт сөндіру автоцистернасы 1951 жылдан бастап Қарағанды облысының өртке қарсы қызметінде болды. 40 жылдан астам жауынгерлік кезекшілікте бұл автомобиль 3500-ден астам өртті сөндіруге қатысты. Енді бұл өрт сөндіру цистернасы тұғырға орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан құтқарушылары өзінің 25 жылдығын атап өтуде.

Сондай-ақ, бүгін Қарағанды қаласында Федоров су қоймасының акваториясында суда зардап шеккендерді құтқару бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, «Қазавиақұтқару» АҚ және Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың бойынша 4 балықшы жеке құтқару құралдарынсыз резеңке қайықпен жүзіп, желдің күрт күшеюіне байланысты жүзу құралы аударылып кетті. Жағадан алыс қашықтыққа және судың төмен температурасына байланысты балықшылар өз бетімен жағаға дейін жүзе алмады. Олардың өміріне қауіп төнді.

Құтқарушылар тікұшақтан суға су өткізбейтін гидрокостюмдермен қонды. Альпинистік арқанның көмегімен зардап шегушіні әуе портына эвакуациялау жүргізілді.Қалған балықшылар құтқару қайықтарының көмегімен құтқарылды.
Оқиға орнына құтқарушылар шықты. Балықшылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болды, сондықтан авиацияны тарту туралы шешім қабылданды.Жағаға келгеннен кейін зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына берілді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юоий Ильин оқу-жыттығуда өз дағдыларын көрсеткен Қарағанды құтқарушыларына оң баға берді.Құтқару іс-шараларын пысықтау тұрақты негізде жүргізіледі.

Айта кeтeйік, суға шомылу маусымы басталғаннан бері Төтенше жағдайлар департаментібөлімшелері суда 18 адамды құтқарды. Оқиғалардың жиі кездесетін себептері судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтамау, жүзу құралдарын мақсатсыз және техникалық ережелерді бұза отырып пайдалану, сондай-ақ шомылу кезінде спирттік ішімдіктерді пайдалану болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары