21.08.2020, 12:30

Елордалық жастар жұмыспен қамтылуда

Фото: ustinka.kz
Ең бастысы, жастар практикасынан өту мерзімі еңбек кітапшасына жазылады. Мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға оның өтініші бойынша ұсыныс хат береді.

Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды«Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша жұмысқа орналасуға шақырып отыр. Ол үшін жұмыссыз жастарға бастапқы тәжірибені жинау үшін төленетін еңбекақы 89 540 теңгені құрады, - деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған бағдарлама соңғы үш жылда оқу бітірген түлектерге арналған.  Негізгі шарт бойынша жұмысқа тұрушының жасы жиырма тоғыздан аспауы қажет. Әрине, бұл небәрі алты айға созылатын уақытша жұмыс болып табылады. Егер маман өзін дәлелдесе, онда тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

«Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына құжат тапсырады: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі», - делінген Жұмыспен қамту орталығында.

Ең бастысы, жастар практикасынан өту мерзімі еңбек кітапшасына жазылады. Мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға оның өтініші бойынша ұсыныс хат береді.

Осы орайда айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданында биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмыс орнын құрудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Аталған бағдарлама аясында бес қоғамдық орын абаттандырылып, 20 аула жөнделіп жатыр.

Осылайша, Есіл ауданында екі мыңға жуық адам Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмыс тапты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша биыл ауданда басқа жылдармен салыстырғанда рекордтық аулалар жөнделуде. Биыл 20 ауланы жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ауданда барлығы 408 аула бар, оның 42-сі жөндеуді қажет етеді. Тұрғындар жұмысымызға оң баға беруде. Біз қыста уақытты бос өткізбей, жөнделуі керек аулаларды іріктедік. Орналасқан жерін, тұрғындардың өтініштері мен тілектерін ескере отырып, жұмыстар қауіпсіздік талаптарына сай болу үшін жоба-сметалық құжаттама жасадық», – деді аудан әкімі.

Әкімнің айтуынша, аудан өте қарқынды дамып келеді. Тек осы жылдың өзінде халық саны 36 мыңға өскен. Ауданда адамдарға ыңғайлы және жайлы болу үшін көптеген абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Үркер, Пригородный елді мекендерінде екеуден және Орталық саябақта бір қоғамдық орын жабдықталды. Орталық саябақта 3,5 шақырымға созылған жүгіру жолын жөндеп, жарақаттанудан қауіпсіз арнайы жабынды төселді. Сонымен қатар воркаут және стритбол алаңдарын жөнделген.

Сонымен қатар аталған әкімдікте халықты қабылдау Open akimat форматында жүзеге асырылады.

«Біз Open akimat біртұтас тұжырымдамасын қабылдадық. Тұрғындардың қандай сұрақтармен келетінін зерттедік және оларды қабылдау үшін мамандарды бірінші қабатқа алып шықтық. Ыңғайлы болу үшін электронды кезек, күту залы ұйымдастырылды. Екі айдан кейін бізге 500 емес, 150-200 адам келе бастады. Бұл мәселелер шешім тауып жатқанын білдіреді. Бұл ретте Open akimat өзін-өзі ақтады. Осы жылдың мамырына, сегіз айда бізге сегіз мыңға жуық адам келді», – деді әкім. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданы биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмыс орнын құрудың рекордтық көрсеткіші тіркеді. Аталған бағдарлама аясында бес қоғамдық орын абаттандырылып, 20 аула жөнделіп жатыр.

Сонымен бірге, аталған ауданда екі мыңға жуық адам Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмыс тапқан.