$ 444.22  476.38  4.82

Алматы әкімі жастарды жұмыспен қамтуды тапсырды

«Жастар практикасы бағдарламасына» жоғарыдағы  критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жастар арасындағы жұмыссыздықты жою үшін олардың нарықта сұранысқа ие мамандық бойынша білім алуы керегін айтты. Сәйкесінше бұл мәселе жүйелі өзгерісті қажет етеді. Осыған орайы, 9-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтарын беретін орта арнайы білім саласына жүргізілген сараптаманың нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Есеп бойынша, қалада барлығы 80 колледж бар, биылғы жылғы түлектер саны шамамен 16 мың адамды құраса, олардың ішінде 15744 адам немесе 98,4%-і жұмысқа тұрған. Биылғы жаңа оқу жылында қала колледждердегі 11219 орынға мемлекеттік тапсырыс беріпті.

«Мұнда қаланы дамыту бағдарламасын, оның ішінде Алматының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын ескере отырып, мамандықтар тізімі қайта қаралды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың тізімінде Ақпараттық технология, сервисті экономика, құрылыс салаларына ерекше назар аударылды. Жұмысшы мамандығын насихаттау және NEET санатындағы жастарды қаланың экономикалық өміріне кеңінен тарту үшін былтыр біз адамдар көп жиналатын орындарда «Мобильді қабылдау комиссияларын» құрдық. Мұндай комиссиялар 5 базардың, теміржол вокзалының, 4 мешіттің аумағына орнатылды. Қаланыңшамамен 6 мыңға жуық жас тұрғыны бұлардан өздеріне қажетті кеңестерді алды. Колледждерге NEET санатындағы 500 адамқабылданды.

Ағымдағы жылы коронавирус індетіне қатысты МҚК-ның жұмыстары уақытша тоқтатылды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, экономикалық салалар аясында мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы: IT-сала, байланыс, телекоммуникация - 2308 (20,6%); қызмет көрсету, экономика - 2289 (20,4%); көлік - 1800 (16%); энергетика, машина жасау - 1180 (10,5%); құрылыс - 1021 (9,1%); тамақ өнеркәсібі - 850 (7,6%); білім - 775 (6,5%); медицина - 391 (3,5%); цифрлы полигарфия - 350 (3,1%); туризм - 200 (1,8%); ауыл шаруашылығы (ветеринарлық медицина, ландшафт дизайны) - 100 (0,9%).

Сонымен қатар,  дуальды білім беру бойынша жұмыстар жүруде. Ағымдағы жылы дуальді білім беру аясында 308 кәсіпорынмен үшжақты 3500 келісімге қол қойылған. 

Айтқандай-ақ, мұндай жерлерде жұмыс істеу үшін, бүгінгі таңда жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға Еңбек» бағдарламасы бойынша ақылы жастар практикасы ұсынылады.

Жастар практикасына оқу бітірген соң үш жыл қатарынан жұмыссыз жүрген 29 жасқа дейінгі жастар жіберіледі.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Еңбеккеақытөлеу 69 450 теңгеніқұрайды (салықтар, міндеттіәлеуметтіктөлемдер, пайдаланылмағанеңбекдемалысы мен банк қызметтерінқосаесептегентөлемдер), оны ай сайын Жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Міне, мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істеуінің нәтижесінде «Жастар тәжірибесі» аясында 150-ден астам маман жұмысқа орналасты. 

«Жастар практикасы бағдарламасына» жоғарыдағы  критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы - 6 ай. Бір айдағы еңбекақы 69 450 теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банктік қызметтерді ескере отырып). Егер жас маман өзін жақсы көрсетсе, жұмыс берушіге ұнаса, онда компанияда одан әрі ресми жұмысқа орналасу мүмкін.

Айта кетейік, осы бағдарлама аясында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша екі кезең іске асырылды. Бірінші кезең аясында қоғамдық негізде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында 157 адам жұмысқа орналастырылды.

Естеріңізге саламыз, осы жылдың 12 тамызында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бүгінгі күні 2395 өтініш келіп түскен. Бұл сұраныстың күн өткен сайын артып отырғандығының көрсеткіші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары