$ 447.4  477.55  4.76

АҚШ ғалымдары қағаздан пернетақта ойлап тапты (ВИДЕО)

Ғалымдар мұндай пернетақта өте ыңғайлы, пайдалануға жеңіл екенін атап өтті. Қағаз су өткізбейді, әрі оны қоқысқа тастаған кезде ол қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

Пердью университетінің (АҚШ) инженерлері қағаздан пернетақта жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Good News Network сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар жаңа технология қағазды музыкалық плеердің интерфейсіне айналдыруға мүмкіндік беретін айтады.

"Біз қағаз су мен майды сіңірмейтін, шаңды жуытпайтын жаңа әдіс ойлап таптық. Біз қағазды жоғары фторланған молекулалармен жаптық. Бұл жабын бізге қағаздың бірнеше қабатын басып шығаруға мүмкіндік береді. Яғни қағазды шығарған кезде сия оған жұқпайды", - дейді ғалым Рамсес Мартинес.

Сондай-ақ, ол қағаз пернетақтаны пайдаланған кезде ол өздігінен энергия алатынын жеткізді. Мартинестің айтуынша, адамдар "пернені" басқан кезде сигнал ноутбукке сымсыз арна арқылы беріледі.

Ғалымдар мұндай пернетақта өте ыңғайлы, пайдалануға жеңіл екенін атап өтті. Қағаз су өткізбейді, әрі оны қоқысқа тастаған кезде ол қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

Қазіргі таңда қағаз пернетақтаның нақты бағасы белгісіз. Ғалымдар оның құны 0,25 доллардан (106 тенге) аспайтынын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары