11.09.2020, 12:00

Иорданияда жойқын жарылыс болды

Фото: inform.kz
Қойма қарулы күштерге тиесілі. Ол ешкім тұрмайтын жерде орналасқан.

Бүгін таңертең Иорданияның Эз-Зарка қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің Petra агенттігіне сілтеме жасап.

Иорданияның мемлекеттік ақпарат министрі Амджад Адайле мерзімі өткен оқ-дәрі сақталған қоймада жарылыс болғанын растады. Қойма қарулы күштерге тиесілі. Ол ешкім тұрмайтын жерде орналасқан. Тергеудің алғашқы нәтижелері бойынша жарылыс қысқа тұйықталу салдарынан болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Бас қолбасшылықтың мәліметінше, қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккендер жоқ.