$ 494.87  520.65  4.91

«Кіндігі өрескел кесілген»: Жаңаөзенде көшеден жаңа туған нәресте табылды (ФОТО)

Баланың қай жерде дүниеге келгені және қанша күндік екені белгісіз.
Фото: коллаж ИА «NewTimes.kz»
Фото: коллаж ИА «NewTimes.kz»

Қаладағы «Рахат» шағын ауданындағы көшелердің бірінен нәресте табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Табылған нәресте жайлы ақпарат 11 қыркүйек күні сағат 23:05-те жергілікті тұрғындардан «103» кезекші пультіне келіп түсті.

Жедел жәрдем бригадасы жаңа туған нәрестені Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізді.

Құтқарылған баланың салмағы 2 келі 740 грамм және бойы 49 сантиметр. Ауруханаға келгенде температурасы 31 градусты көрсетіп тұрған. Кіндігі өрескел кесілген. Дереу полицияға хабарлама берілді.

«Қазіргі таңда нәресте қарқынды терапия палатасында. Баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Оған ылғалданған оттегі беріліп жатыр, өздігінен дем алады, парентеральды диетада болады. Баланың қай жерде дүниеге келгені және қанша күндік екені белгісіз», – деді  Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары