$ 494.87  520.65  4.91

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында маңызды мәселелер талқыланды

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша Қазақстанның көптеген ұсыныстары келісілді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Премьер-Министр сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов телекөпір режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

 ЕЭК Кеңесінің мүшелері ішкі нарықтардың жұмыс істеуі, кедендік және техникалық реттеу, өнеркәсіп және тауарларды таңбалау мәселелерін қарастырды. Қаралған мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын талқылау болды.

 Мәселені талқылау қорытындысы бойынша Қазақстанның көптеген ұсыныстары келісілді. Ең қағидатты ұстанымдарды мемлекет басшылары биыл желтоқсан айында қарауды жоспарлап отыр. 

Тараптар бүгінде әзірленіп жатқан Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың шығарылған елін растау қағидаларының жобалары және Еуразиялық өнеркәсіптік өнім тізілімін жүргізу қағидалары мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұл құжаттар мемлекеттік сатып алуға қол жеткізу шарттарына әсер ету тұрғысынан өте ықпалды.

 Тиісті ережелер биыл желтоқсан айында ЕҮАК кезекті отырысында бекітіледі деп көзделген. Бұған қоса өзара саудадағы кедергілерді жою мәселесі қызу талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеу мәселелері қаралды. ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысы 2020 жылғы 18 қыркүйекке жоспарланған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары