14.09.2020, 17:20

«Күзде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші артады» - ДДСҰ

Фото: vlast.kz
Жағдай күрделене түседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлімнің көбеюін болжаймыз", - деді Клуге.

Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының рекорд орнатқанын мәлімдеген болатын - әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.