15.09.2020, 18:20

«Бұл тек бірінші раунд»: Қуат Хамитов тұтқындалғаннан кейін алғашқы жазбасын жариялады

Фото: instagram.com/kuat__khamitov
Соғыста қандай айла болса да орынды!

Әр басқан қадамы халық назарына бірден ілігетін Қуат Хамитовтің басы тағы да дау астында. Дезинфекция жасайтын қызметкерлерді "ұруға" шақырған постынан кейін оны полиция қызметкерлері ұстап кеткен болатын. Тергеуден шыққан ол желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Соғыста қандай айла болса да орынды! #Бұлтекбіріншіраунд", - деп жазды боксшы.

Жазба Хамитов өз әрекетін түсіндіріп берген видеосынан кейін жазылған. Онда әзіл үшін айтқанын, ешкімді ренжіткісі келмейтінін жеткізген. Спортшы ешкімді жаман істерге шақырмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, танымал боксшы Қуат Хамитовты зорлық-зомбылыққа шақырған видеосынан кейін полиция тұтқындады. Кейіннен ІІМ Қуат Хамитовтың видеосына түсініктеме берді. 

Тегтер: Қуат Хамитов