16.09.2020, 15:00

Экс-денсаулық сақтау министрі ұсталды

фото: pixabay.com
Биыл шілде айында оны арнайы қызмет өкілдері тергеуге шақырған болатын.

15 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі болған Космосбек Чолпонбаев ел қазынасына 9 млн сом шығын келтірді деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оған қызметін асыра пайдаланды, жұмысына салғырттық танытты деген айып тағылып отыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды. Экс-министрдің ұлы Эркин Чолпонбаев әкесінің ұсталғанын растады. Биыл шілде айында Космосбек Чолпонбаевты арнайы қызмет өкілдері тергеуге шақырған болатын.