$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі болды.

Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Премьер-Министр сайтына сілтеме жасап.

 ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.

 Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады. 

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы. 

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары