Жаңалықтар 17.09.2020 сағат 10:00

Мейрамханада дүркіретіп той өткізген шенеунік айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Облыстық әкімдікке және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне алдағы уақытта шаралар қабылдау үшін ресми хаттар жіберілді.
Мейрамханада дүркіретіп той өткізген шенеунік айыппұл арқалады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтаудың санитар дәрігерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде той өткізгендерді жазалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үйлену тойының видеосы желіде тараған болатын. Kozachkov offside Telegram-каналының мәліметінше, видеоға Маңғыстаудағы шенеуніктердің бірі түсірілген.

"Маған Instagram желісіндегі стористен қысқа ғана ролик жіберді, видеода тағы да Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкері - энергетика басқармасының бас маманы Жанболат Жақыпов үйлену тойын тойлап жүр. Сонда батыстағылардың өз заңдары бар ма?", - дейді видео авторы.

"Маңғыстау облысы әкімдігінің энергетика басқармасының қызметкері болып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшіге қатысты бұқаралық іс-шара өткізу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК (83 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Облыстық әкімдікке және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне алдағы уақытта шаралар қабылдау үшін ресми хаттар жіберілді", - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, той өткен мекеме иесіне қатысты хаттама толтырылып, оған 230 АЕК (638 940 теңге) мөлшерінде айыппұл салынғаны айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Маңғыстау облысында туған күн өткізген шенеуніктің видеосы тараған еді.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар