Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің жазуынша, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде "World cleanup Day" акциясы өтеді.
"Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын!
Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз. #tazaqazaqstan", - жазды министр Twitter-дегі парақшасында.