18.09.2020, 11:40

Гвинея президенті министрді көшеде соққыға жықты (ВИДЕО)

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, мемлекет басшысы министрді жұмысын дұрыс атқармағаны және қызметіне салғырттықпен қарағаны үшін айыптаған.

Желіде Гвинея президентінің еңбек министрін аяусыз соққыға жыққан видеосы тарап кеткен. Мемлекет басшысы қол астында қызмет ететін шенеунікті нашар жұмысы үшін жазаламақ болған деп жазады Nur.kz.

Milli Gazete атты түрік басылымы желіде Гвинея президентінің ашуға бой алдырып, мемлекеттің еңбек министрін ұрып-соғып жатқан сәтінің видеосын жариялады. Бұл туралы centralasia.media сайтынан белгілі болды.

"Африкалық Гвинеяда президент Альфа Конде көшенің қақ ортасында еңбек министрін аяусыз соққыға жықты" , - деп жазылған бейнежазбаның астында.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, мемлекет басшысы министрді жұмысын дұрыс атқармағаны және қызметіне салғырттықпен қарағаны үшін айыптаған. Бұл жайт салдарынан ашуға бой алдырған президент шенеунікті көше ортасында елдің көзінше соға бастайды.

Мемлекет басшысы оған жұдырық ала жүгірсе, министр оның жойқын соққыларынан сақтану мақсатында одан қашып жүрген.