19.09.2020, 12:41

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды

фото: euronews.com
Жалпы науқастардың арасында 102 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 16 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

19 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат белгілі болды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 684 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 39 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр. 1 681 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды.

Жалпы науқастардың арасында 102 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 16 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. 4 адам қайтыс болды.