Жаңалықтар 20.09.2020 сағат 11:36

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен шәкіртақы 106 талапкерге тағайындалды.
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: avestnik.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен шәкіртақы 106 талапкерге тағайындалды. Жақын күндері олар білім алуда бастайды", – деп жазады Дәуленов.

Ол стипендиаттардың оқу үдерісі Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлы түрде бақыланатынын атап өтті.

Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Бұдан былай стипендиаттар әр жарты жыл сайын транскриптерді сканерлеп, есеп жазып немесе қандай да бір анықтамалар жіберуге міндетті емес. Барлық деректер блокчейн технологиясына ұқсас жүйе негізінде жинақталады. Жүйедегі кез-келген өзгерістер автоматты түрде тіркеледі. Бұл стипендиаттың мәртебесі мен оның дайындық кезеңдерін рұқсатсыз өзгерту мүмкіндігін жоққа шығарады.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, стипендия иегерлерін іріктеу президенттік жастардың дарындылық қорына іріктеу үлгісі бойынша толықтай автоматтандырылған негізде жүзеге асырылды. Оған қоса, конкурстық іріктеу үдерісіндегі үміткердің барлық жолы прокторингтік сүйемелдеумен және әр кезеңнің бейнежазбасымен цифрланған.

"Сонымен қатар біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу үдерісіне деген көзқарасты сапалы түрде өзгерттік. Яғни, пәндік білімді тексерудің қажеті жоқ. Өйткені барлық талапкерлер оларды ЖОО-ға тәуелсіз түсу процесінде көрсетіп үлгерді", – деді Мирас Дәуленов.

Айта кетейік, білім министрлігі үміткерлердің талдау, сыни тұрғыдан ойлау, фактілерді түсіндіру және таныс емес жағдайларға бейімделу қабілеттерін қалыптастыруды бағалауға баса назар аударған. Дәуленовтің пікірінше, мұндай дағдылар шетелдік жетекші университеттерде білім алу барысында жоғары маңызға ие.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар