$ 448.89  477.93  4.76

Әл-Фараби – 1150: «Жыл кітабын бірге оқимыз!»

Онлайн форматтағы додаға қатысушылар туындыдағы идеяны, көркемдік ой желісін дөп басып анықтап, мазмұнын талдап-таразылауы қажет.

Шығарма желісін оқырманға қызықты етіп жеткізу арқылы ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында Сыр кітапханашылары арасында байқау басталды. Байқауда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2020 жылы жаппай халықтық оқуға ұсынылған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» туындысын талқылау тапсырмасы беріліп отыр. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан бұл шара 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында өтеді. 

Онлайн форматтағы додаға қатысушылар туындыдағы идеяны, көркемдік ой желісін дөп басып анықтап, мазмұнын талдап-таразылауы қажет. Сонымен қатар, шығармадағы кейіпкерлердің образы мен сол дәуірдің тынысын, ұстаз болмысын аша білуі керек. Байқау материалдары Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының facebook әлеуметтік желісіне жүктеледі. 
«Бұл байқау кітапханашылардың кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашады. Өйткені, сайыс барысында олар шығармашылық тұрғыда ізденеді, жаңа мәліметтермен жұмыс істейді. Сол арқылы оқырмандармен кері байланыс орнатып, пайдалы ақпарат бере алады», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Үздік деп танылған қатысушылар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, сонымен бірге облыстық мәслихаттың, Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби