21.09.2020, 11:40

Еліміздің солтүстігінде қар жаууы мүмкін

фото: pixabay.com
Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынның тоқтауы ықтимал.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына биік жыра әсер ететін болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Онымен желдің күшеюі, ауа температурасының төмендеуі, жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстігінде аптаның ортасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынның тоқтауы ықтимал. 

Тегтер: жаңбыр қар