Қазақстанның солтүстігінде жақын күндері қар жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді, жаңбыр жауады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде аптаның ортасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.
"Республиканың батысында ғана жауын-шашын тоқтайды", - деп болжады мамандар.