Осыдан үш жыл бұрын Алматы маңында апатқа ұшыраған санитарлық авиация ұшағына оқ тиген болуы мүмкін. Ұшақ апатын тексеріп жатқан комиссия мүшелері осындай сенсациялық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Мамандар фюзеляжда оқтар табылғанын айтты. Ұшақтың полигон үстінен ұшып өткені белгілі. Ұшақтың техникалық ақаулары туралы өз пікірін айтқан сарапшылар құжаттағы қолын қайтарып алып, тергеуді қайта бастауды сұрайды.
2017 жылы алматылық дәрігерлер ауыр науқасты қарау үшін ұшақпен Шымкентке аттанған еді. 12 минуттан кейін ұшақ радардан жоғалып кетті. Құтқарушылар оны Алматы маңында жанып жатқанын анықтады. Борттағы адамдардың ешқайсысы тірі қалған жоқ.
Алматы маңында болған Ан-28 апатына қатысты сот ісі басталды. Үш жылдан кейін трагедияның жаңа нұсқасы пайда болды: ұшақ оқ атқаннан кейін құлап кетуі мүмкін делінді. Фюзеляждан саңылаулар табылды, ол бәлкім оқ ізі болуы мүмкін. Мұндай қорытындыны қазақстандық сарапшылардың бірі айтты.
«Бұл беделді адамның пікірі. Ол заң ғылымдарының докторы, профессор Исаев. Оның қорытындысына сәйкес, ұшақ оққа ұшқан соң құлауы мүмкін деген нұсқа басым. Соның салдарынан өрт шыққан», - деді әуе кемелерін апаттарды тергеу комиссиясының мүшесі Виктор Аушев.
Комиссия мүшелері апат болғаннан кейін бірден осындай пікір білдірді. Сот-медициналық сараптама ұшқыштардың өкпесінде өрт белгісінің іздері жоқ екенін анықтады. Виктор Аушевтің айтуынша, осы себепті өртке қатысты нұсқа жойылған. Сарапшылар апатқа техникалық ақаулар себеп болды деген қорытындыға келді. Бірақ қазір оның ресми нұсқасы үлкен күмән тудыруда.
«Неліктен біз бұл нұсқадан бастамадық - өйткені ұшақ жүріп өткен полигон жұмысын тоқтатқан деген ақпарат болды. Біз сондықтан оның кездейсоқ оққа ұшырауы мүмкін деген нұсқаны қарастырған жоқпыз», - деді Виктор Аушев.
Сарапшылардың айтуынша, снарядтар жанармай бөліміне және кабинадағы оттегі баллонына енуі мүмкін еді. Осыдан өрт шығып, жарылыс болған болуы мүмкін еді. Сондықтан 10-ға жуық сарапшы құжаттағы қолын қайтарып алып, шешімнің күшін жойып, тергеуді қайта бастауды сұрады. Бірақ индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жаңа іс жүргізуге асықпайды.
«Егер олар осы жаңа жағдайларды көрген болса, менің ойымша, оларда бұл құжаттар бар. Біріншіден, авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі уәкілетті орган және индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі тікелей осындай шешімге келеді. Бізге ұйымнан, яғни АНТК Антонов - Украинадан, Киев қаласынан тиісті хат алу керек», - деді Индустрия және инрфрақұрылымдық даму министрлігінің ұшақ апаттарын тергеу бойынша бас сарапшысы Нұрлан Ақұлов.
Естеріңізге сала кетейін, Ан-28 апаты 2017 жылдың қазан айында болған. Дәрігерлер мінген ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.12 минуттан кейін ұшақ радардан жоғалды. Құтқарушылар оны Алматыдан 28 шақырым жерде жанып жатқан жерінен тапты.