$ 448.15  483.46  4.86

Бес нәрсеге асық бол!

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Басықара ауылының кітапханасында «Бес нәрсеге асық бол» атты таным сағаты өтті. Онлайн шара оқырманды ізгілікке, еңбекке, адамгершілікке баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Осы орайда хакім Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі негізге алынып, ой саларлық өнегелі сөздері айтылды. 

«Бес асыл қасиет – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым болса керек. Ең алдымен талап туралы айтып өтсек, адам баласы өмірден өз орнын табу үшін талапты, қабілетті, еңбекқор, ізденгіш болуы қажет. Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады. Талап – талмас қанат. Талапты ерге нұр жауар, талапсыз неме құр қалар деген сөздің астарында үлкен мән жатса керек. Абай айтқан екінші асыл қасиет – еңбек. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке ие болады. Еңбек пен бақыт егіз, еңбектің жеңбейтіні жоқ. Одан кейінгі асыл қасиет – терең ой. Кез келген адамды іс-әрекетінен қарап тануға болады. Әрбір ісін ақылмен істеген адамның мақсаты айқын көрініп, мұратына жете алады, өз ортасына сыйлы болады. Төртінші асыл қасиет – қанағат. Барға қанағат ету, қиындыққа қарсы тұру, ұқыпты, тиянақты әрі табанды болу адам баласының мына өмірден өз орнын табуына көмектеседі. Қанағат қарын тойғызар деген сөз де біраз дүниені ұғындырып тұрғандай. Ал, бесінші асыл қасиет – рақым. Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап, кешірім сұрау адам бойындағы ең жақсы қасиет. Кешірімді болу анадан, кішіпейілділік данадан дейді. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деген мазмұнды сөздің де төркіні осыған саяды. Біз ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиетті мүмкіндігінше тарқатып айтып, құнды мәлімет беруге тырыстық», - деді ауылдық кітапхана мамандары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары