Жаңалықтар 22.09.2020 сағат 22:34

23-29 қыркүйек аралығында күшті магниттік дауыл болады

Магниттік дауыл кезінде адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін.
23-29 қыркүйек аралығында күшті магниттік дауыл болады
фото: meteoprog.ua
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астрофизиктердің болжамына сәйкес, қыркүйектің соңғы он күндігінде магнитті дауыл болады. Бұл туралы рентгендік күн астрономия зертханасы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат сайты. 

ҚазАқпарат тілшісі табиғи құбылыс адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін анықтап көрді. Астрофизиктердің айтуынша, 23-29 қыркүйек аралығында магниттік дауыл жүреді. Жердің магнитосферасы негізгі соққыны 25-28 қыркүйекте алады, ал дауылдың шарықтау шегі 27 қыркүйекке келіп тұр. Дауылдың күші G1 құрайды. Ғалымдар арасында аталған табиғи құбылыстың адамдарға қалай әсер ететіндігі туралы әлі күнге дейін нақты пікір жоқ. Алайда медицинада магнит өрісінің адам денсаулығы мен әл-ауқатының белгілі бір ауытқуына әсері барын жоққа шығарылмайды. Магниттік дауыл кезінде адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін. Кардиолог-дәрігер Алмат Қодасбаевтың айтуынша, магниттік дауылдың адамдардың кез-келген дертіне, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуына тікелей әсер етуінің дәлелі жоқ. «Иә, мұндай күндері адамдар жалпы әлсіздікке шағымданады. Оны жиі естіп те, көріп те жүрміз. Бұл әсіресе жүрек ауруына шалдыққандарға қатысты. Магниттік дауыл күндері қан тамырлары және жүрек аурулары бар адамдар денсаулықтарына көп шағымданады. Сол кезде олардың денсаулығы күрт нашарлайды. Олар қатты бас ауруына, тез шаршағыштыққа, бас айналуға, жүректің ауырсынуына шағымданады. Алайда, басқа да өмірлік себептер мұндай ауруларға әсер етуі мүмкін. Бұл ауа райының, стрестің, депрессияның, жұмыс жүктемесінің күрт өсуінен болуы мүмкін», - деді дәрігер. Ғалымдар магнит өрісінің ағзаға қалай әсер ететінін әлі жеткілікті зерттеп болған жоқ. Десекте, Франция, Германия, Қытай, Израиль, Литва, Грузия және жүректің ишемиясы бар науқастар қаралатын бірқатар Ресей клиникаларының мәліметтері бойынша, магниттік дауыл кезінде жүрек талмасы мен содан қайтыс болатындардың саны екі есеге өскен. «Әдетте адам ағзасы мұндай күндерді күйзеліс ретінде қабылдайды. Көптеген адамдарда тамыр жүйесінің жұмысы бұзылады, соның ішінде мидың тамырларында. Осы кезде денсаулығы мықты адамдардың да көңіл күйі құбылмалы болады»,– деді Алмат Қодасбаев. Мұндай кезде ауыр жұмыс істеуден аулақ болу керек. Тіпті жеңіл күйзелістің өзі адам ағзасына кері әсер етеді, сондықтан магниттік дауыл болған күндері уайымдаудан, жаман ойлардан аулақ болу керек. Дәрігерлер қан қысымы жоғары адамдарға қарапайым ережелерді сақтануын сұрайды. «Магнитті дауыл күндері гипертониялық науқастар көбірек су ішіп, тұзды тұтынуды азайтуы керек, өйткені тұз организмдегі сұйықтықты ұстап, қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Метеосезімтал адамдар үшін магниттік дауыл кезінде жақсы ұйықтап, дұрыс тамақтануы керек. Тромбозы бар адамдар (қою қан) құрамында аспирині бар дәріні немесе аспириннің 75 мг комбинациясын күн сайын қабылдауы керек. Бірақ бұл пациентке қарсы болмаған жағдайда ғана, өйткені бұл препараттарды бақылаусыз қабылдау эрозияны және тіпті асқазан жарасын тудыруы мүмкін», - деп қосты дәрігер. Мамандардың айтуынша, магниттік дауылдар орта есеппен жылына 5-6 рет болып, 2-3 күнге созылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар