$ 444.22  476.38  4.82

Ұлы даланың ұлы есімдері

Байқаудың «Үйден кітап оқимыз» үздік оқырман додасы бойынша Абайдың 175 жылдығы аясында оқушылар жазғы демалыста оқыған кітаптарының мазмұнынымен таныстырып, ұзақтығы 3-5 минуттан тұратын бейнеролик түсірді.

Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты облыстық бейнероликтер байқауы өтті. Бабалар ерлігін ұлықтай отырып, жастардың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыруды көздеген байқауға аймақтағы 7-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Көркем әдебиетті насихаттау арқылы рухани мәдениетті көтеру мақсатында жүзеге асырылған бұл байқау хакім Абайдың 175 жылдығы, Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және ұлық ұлыс Алтын Орданың 750 жылдығына орай өткізілді.

Байқаудың «Үйден кітап оқимыз» үздік оқырман додасы бойынша Абайдың 175 жылдығы аясында оқушылар жазғы демалыста оқыған кітаптарының мазмұнынымен таныстырып, ұзақтығы 3-5 минуттан тұратын бейнеролик түсірді. Сондай-ақ, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Мен таныған Әл-Фараби» деп аталатын ақындар сайысы өтті. Қатысушылар тақырыпқа сай өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, бейнеролик арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Одан әрі Алтын Орда мемлекетінің 750 жыл толуына орай байқау қатысушылары «Шежірелі Алтын Орда» атауымен қазақ халқының хандары, жыршы-жыраулары, би-шешендері, батырлары жайлы тарихи жыр-терме, толғауларын орындады.

Байқау нәтижесі бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында 1-11 сынып оқушылары арасында өткен «Үйден кітап оқимыз» тақырыбындағы қашықтықтан облыстық үздік оқырман сайысына қатысқан 55 оқушы ішінен 22 оқушы үздік шығып, білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Ал, Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай «Мен таныған-Әл Фараби» атты 1-11 сынып оқушылар арасындағы ақындар сайысының облыстық кезеңі бойынша 18 оқушы қатысып, нәтижесінде 9 оқушыға «Дарын» қосымша білім беру орталығының дипломдары табысталды. Сонымен қатар, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Шежірелі Алтын Орда» атты тарихи жыр-терме, толғаулар байқауының облыстық кезеңінде 10 өнерлі өрен ішінен 5 оқушы үздік атанды. Жеңімпаздарға «Дарын» қосымша білім беру орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары