Алматы облысындағы Қарасай ауданында 20-дан астам шаруа қожалығы бар. жылдың жаз, күз мезгілдері күн ыстқы, өрт болу қаупі жоғары ауқыт екені белгілі. Осы орайда Қарасай ауданында жыл басынан бері 127 гектар алқапты өрт шарпыған. Sn.kz порталы өртке оранған алқаптарды жай-күйін анықтап көрді.
Алматы облысының бір ғана Қарасай ауданында жыл басынан бері 67 құрғақ шөп пен алқаптың өртену дерегі тіркелді. Белгілі болғандай, Қызыл жалын 127 гектар аумақты шарпыған. Осылай деп дабыл қаққан ҚР Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері бүгін шаруа қожалықтарына арнайы барды. Оларға төтенше жағдай кезіндегі алғашқы әрекеттер туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, жадынама таратты.
«Егістік алқабының айналасына өртке қарсы минералды жолақтарды сапалы түрде жасау керек. Яғни, ені кемінде 4 метрден кем болмауы керек. Тағы да дала жұмыстарын жасайтын тұлғаларға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен танысу керек. Өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуы керек және дайындықта болуы керек. Оны алу кезінде мүмкіндік болуы керек», – деді Алматы облысы Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Нұрсұлтан Сабыров.
Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін сақтайтын шараларды шаруа қожалықтарына түсіндіріп, тілсіз жаудың алыдн алуға немесе санын азайтуға болады. ҚР Төтенше жағдайлар департаменті сол себепті де тамыз айында түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын қолға алып отыр.
Қарасай ауданында 21-ден астам шаруа қожалығы бар. Олар алқапқа егін егумен айналысады. Төтеншеліктер әсіресе тамыз айында күн ыситындықтан, өрттің қауіпті кезеңі басталды дейді. Осы тұста жылда құрғақ шөп пен егістік алқаптарының өртенуі жиілейтін көрінеді. Сондықтан мамандар қызыл жалынның алдын алу үшін шаруа иелеріне қауіпсіздік шараларын тағы бір мәрте еске салды.
«Біз енді егінмен айналысқандықтан бізге күннің ыстық болуы, жаңбыр жаууы деген табиғат құбылыстары өте маңызды. Күннің құрғашқылығы болса өте қиын. Егінге де шөл келеді. Құрғақ шөптердің өртену оқиғалары көбейе түседі. Төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан әсіресе, тамыз айында өте сақ болуға тырысамыз. Біздің сақтық шараларын
сақтауымыз өзіміздің еңбегімізді сақтауымыз екенін әрдайым білеміз» дейді шапруа қожалығының қызметкері Айдос Талғатұлы.
Тағы бір айта кететін жәйт, егістік алқабы маңында қоқыс пен шөп жағуға қатаң тыйым салынады. Одан әрмен төтеншеліктер жанармай бекетіндегі газ құятын станцияларды тексерді. Өйткені көліктеріне көгілдір отын орнатқандар өрт қауіпсіздігіне бейжай қарайтын болған. Соның салдарынан ауданда жыл басынан бері 18 көлік өртке оранған.
«Газбен жүретін көліктерде болған өрт тұрғын үйдің ауласында, тұрақжайларда және тағы да халық жүретін орындарда болды. Негізі оның ұстанатын ережелері бар. Әрине, темір тұлпар жүргізушілерінің жанармайдан газға көшудегі басты мақсаты үнемдеу екенін түсінеміз. Бірақ қауіпсіздікке мән беру керек. Егер көліктің ішінде газдың исі шыққан немесе титтей төгілгенін көрген кезде көлікті тоқтату керек. Жолаушыларды шығарып, ауа кіргізіп, жақын маңдағы жөндеу орталығына бару қажет», – деді Алматы облысы Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Асқар Мұқашев.
Айта кетейік, Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өрт қаупі жоғары кезеңге арнайы жұмыс тобын бекіткен. Жеке құрамнан 120-дан аса адам, 18 техника, 9 сү бүркігіш, 100-ге жуық құрал-сайман әзірленді. Мамандар өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының бір ғана Қарасай ауданында жыл басынан бері 67 құрғақ шөп пен алқаптың өртену дерегі тіркелді. Белгілі болғандай, Қызыл жалын 127 гектар аумақты шарпыған.