$ 494.87  520.65  4.91

«Жас Отан» жастарға оқу грантын табыстады

«Жас отан» жастар қанаты табыстаған грант көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастар үшін Алматы қаласының бес жоғары білім беру орны мен бір мемлекеттік колледжінде тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр.

Алматыда «Жас Отан» жастар қанаты мектеп және колледж түлектеріне оқу грантын табыстады. Оның ішінде мектеп бітіруші алты түлекке жоғары оқу орындарының грантын табыстады, - деп хабарлайды Sn.kz.

«Жас отан» жастар қанаты табыстаған грант көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастар үшін Алматы қаласының бес жоғары білім беру орны мен бір мемлекеттік колледжінде тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр.

Аталған шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, сондай-ақ, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі демеушілік жасап, әлеуметтік серіктестік негізінде қолдау көрсеткен.

«Жас отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов бұл жастарға берілген тамаша мүмкіндік екенін айта келе, бұл жастарға жасалған жағдай екенін атап өтті. Оның айтуынша грант иеленген жастардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

«Біз жастарға оқу гранттарын табыстап жатырмыз. Оның ішінде мектеп бітірушілер мен колледж бітірушілер де бар. жоғарғы оқу орнында олар толық жоғары білім алып, кәсбіи маман болып шығады. Біз сол үшін еңбек етіп келеміз. Мұндай жобалар әлі де керек, алдағы уақытта да ұйымдастырлса деген неитіміз бар. себебі бүгін грант иеленіп жатқан жастардың бәрі осал жастар емес. Қоғаммен байланыс орнатып, жұмыс істеген, елдіміздегі түрлі жағдайларда ерікті болып адал қызмет еткен жастар» деп атап өтті «Жас отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Айта кету керек, жеңімпаздар бұған дейін «Еріктілер» қатарында болған. Ал, бүгінгі іс-шара барысында «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі атанды.

«Осы «Жас Отан» жастар қанатына мың да бір алғыс. Үміттерін ақтаймын деп ойлаймын. Уәде беремін. Жалпы осы ерікті болып істеп жүрмін. Әлі де істеймін деп үміттенемін. Біз Арысқа бардық. Ол жерде құрылыс материалдарын түсірдік. Мақтааралда 70 тонна гуманитарлық көмекті түсіріп, көмектестік», – деді грант иегері Әлібек Мейілханов.

Осындай грант иеленген жастардың бірі Аружан Жандос. Ол биыл медициналық колледжді ақылы бөлімде тәмамдаған. Ары қарай оқуға отбасылық жағдайы келмейді. Бірақ Аружан ол үшін сынған жоқ, керісіншще қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Өз болашағынан, қоғамның бүгінгі

тіршілігін артық көрді. Сол үшін еңбек етіп, еріктілер қатарында күндіз-түні жұмыс істеді. Және Аружанның маңдай тері ақталып, грант иегері атанып отыр.

«Шынымды айтсам, мүлде күтпеген едім. Менің бар ойым айналама кішкене болса да бір пайдам тисе дедім. Осылайша еріктілер қатарына қосылдым. Арыс қаласындағы жарылыс кезінде де біз Алматыдан Арысқа барып, сондағы тұрғындардың амандығы мен саулығы үшін еңбектендік. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, денсаулығын бақылау, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қолымыздан келгеннің бюәрін істедік. Осы Арыстағы оқиға менің жүрегіме қатты әсер етті. Еліміз бір ауыздан бір жұдырықтай жұмыла алатынымызды көрдік. Міне, осындай жұмыстардың арқасында өзім арманадаған оқу грантына ие болдым. Ол үшін бар жағдайымызды жасап отырған «Жас отан» жастар қанатына алғысымды білдіремін», - деді Аружан Жандос.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Жас Отан» жастар қанаты мектеп және колледж түлектеріне оқу грантын табыстады. Аталған грант көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастар үшін Алматы қаласының бес жоғары білім беру орны мен бір мемлекеттік колледжінде тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл маңызды әлеуметтік жобаға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, сондай-ақ, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі демеушілік жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жас отан