24.09.2020, 20:44

Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Фото: rg.ru
Ол адамға немесе ұйымға бейбітшілікке қосқан ерекше үлесі үшін беріледі.

Ресей президенті Владимир Путинге Нобель - 2021 сыйлығын беру үшін жазушы Сергей Комков өтініш жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жазушы Сергей Комков Владимир Путинге Нобель-2021 сыйлығын беру үшін 9 қыркүйекте Ослода орналасқан Нобель комитетіне өтініш жіберген.

"Бүгін бұл шын мәнінде менің Нобель сыйлығына төртінші ұсынысым. Ол осы жылдың 9 қыркүйегінде жіберілді. Ал 10 қыркүйекте бұл өтініш Ослодағы Нобел комитетінің штаб-пәтеріне Нобель бейбітшілік комитетіне түскен", - деді Комков.

Комковтың хабарлауынша, марапаттауға өтініш беру қыркүйекте басталып, қазанда аяқталады. Наурыз айына дейін комитет оларды қарап, наурыз-сәуір айларында өтініш жібергендердің бәріне өтінішті қабылданып, қаралып, тіркелгені туралы хабарлама жібереді.

Sputnik радиосының жазуынша, Кремль аталған жаңалыққа пікір білдірген. Ресейлік көшбасшының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл осындай ұсыныс жасаған адамдардың бастамасы екенін айтты.

"Егер шешім қабылданса керемет, егер қабылданбаса қорқатын ештеңе жоқ", - деді Песков. 

Айта кетсек, Бейбітшілік сыйлығы - бұл 19 ғасырдың аяғында швед өнеркәсіпшісі және өнертапқышы Альфред Нобель мұра етіп қалдырған бес сыйлықтың бірі. Ол адамға немесе ұйымға бейбітшілікке қосқан ерекше үлесі үшін беріледі.