$ 494.87  520.65  4.91

Елордада ішімдік ішіп 2 баланы қағып кеткен жүкті әйелге қатысты сот үкімі шықты

Сот отырысында жәбірленушілер заң бойынша жаза беруді талап етті.

Осы жылдың маусым айында мас күйде үш адамды (оның екеуі бала) қағып кеткен әйелге сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 16 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты А.Ж.Ерғазинаға қатысты үкім шығарды. Ерғазинаның екі бала мен бір ересек адамды қағып кеткені анықталды. Оның екеуі ауыр, біреуі орта дәрежеде жарақат алған. Сот отырысында жәбірленушілер заң бойынша жаза беруді талап етті», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотынан.

Айыпталушының адвокаты әйелді бас бостандығынан айырмауды сұрапты. Себебі оның аяғы ауыр, баласы да бар. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігімен айыпталған адам айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек.

«Сот қылмыстың ауырлығын, балалардың зардап шеккенін ескере отырып, айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен бірге сотталушы 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды», - деп хабарлайды соттан. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында мас әйел үш адамды көлігімен қағып кеткен болатын. Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, 22 маусым күні кешкі сағат 21.03-да Mazda маркалы көлікті тізгіндеген әйел Бейсеков көшесі жағынан Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Осыдан кейін ол жаяу адамдар жүретін жолда 2001, 2002 және 2018 жылы туған үш адамды қаққан. Зардап шеккен 19 және 18 жастағы бойжеткендер мен 2 жасар сәби әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары