$ 443.85  474.3  4.8

Құс тұмауы Оңтүстік өңірлерге де жетті

Түркістан облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 құс (соңғы тәулікте 196) «Барлығы жеке аулада 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды.

Құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеу болды, деп хабарлайды Nege.kz. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі қай облыста қанша құстың қырылғанын жария етті:  Ақмола облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 құс (соңғы тәулікте-0); Жамбыл облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте - 6);  Қарағанды облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс ЖҚШ (соңғы тәулікте - 12);  Қостанай облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше 1 112 және 109 567); Павлодар облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 құс ЖҚШ (0); 

Солтүстік Қазақстан облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше 1 143 және 39 535); Түркістан облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 құс (соңғы тәулікте 196) «Барлығы жеке аулада 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды («Бескөл құс фабрикасы» ЖШС - 93 849 бас, «Агроинтерптица» - 109 567 бас)» деп хабарлайды министрліктен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тұмау #құс