$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жаңа салық кодексі енгізіледі

2021 жылы көп жұмыс жасайтын бизнес салаларын бір бағытқа негіздеуіміз керек.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бизнестің жағдайы және ШОБ саласындағы дағдарысқа қарсы ұсынылған шаралар туралы онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бизнесті қолдау үшін жаңа салықтық заңның маңызды екенін түсіндірді Мырзахметов.

"Мемлекет басшысы 2021 жылдан бастап қарапайым түсінікті жаңа ережені цифрлық негізде дайындауды тапсырды. 2021 жылы көп жұмыс жасайтын бизнес салаларын бір бағытқа негіздеуіміз керек. Жаңа салық кодексін енгізген жөн. Оны оңтайлы ету үшін толық қайта қараған жөн. Отандық өндірушілерді қолдау. Жаңа ҚХА бағдарламасы жасалады", - дейді Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасының басшысы жаңа салық кодексі үкіметпен бірлесе отырып жасалатынын түсіндірді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, ҰКП Үкіметпен бірлесіп, салық кодексі және қосалқы заң актілеріне тексеру жүргізуге қатысып жатыр", - дейді ол.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары