Қазақстанда өткен тәулікте 69 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 14 Алматы қаласы - 3 Ақмола облысы - 5 Ақтөбе облысы - 1 Алматы облысы - 2 Атырау облысы - 5 Шығыс Қазақстан облысы - 17 Жамбыл облысы - 2 Батыс Қазақстан облысы - 2 Қарағанды облысы - 5 Қостанай облысы - 3 Павлодар облысы - 4 Солтүстік Қазақстан облысы - 5 Түркістан облысы - 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107659. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 410 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 809 науқас жатыр. 1 601 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 23 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.