Жаңалықтар 26.09.2020 сағат 11:27

Украинада ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты

2 адам ауыр халде жатыр.
Украинада ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлап, 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

«25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 21 курсанты, барлығы 28 адам болған», - деп жазылған ақпаратта.

2 адам ауыр халде жатыр. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға болған жерге баратынын және жағдайдың мән-жайы анықталу үшін шұғыл түрде комиссия құрылатынын хабарлады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар