Алматы полицейлері журналист Алима Пардашеваға шабуыл жасап, оны тұншықтырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алима Пардашеваға шабуыл жасалған ер адам қарақшылық пен ұрлық үшін алты рет сотталған болып шықты.
"Ұсталған ер адамның Медеу және Бостандық аудандары аумағында осыған ұқсас кемінде бес қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді құқық қорғау органдары өкілі.