$ 494.87  520.65  4.91

Үсік жүреді: 8 өңір мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМК еліміздің 7 өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының кей жеріне тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының кей жерңне тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласына түнде және таңертең тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары