$ 448.15  483.46  4.86

Алтын Орда – 750: Қаныш Сәтбаев «Ер Едіге» жырын жарыққа шығарғаны үшін қудаланған

Жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін көрмеген «Едіге батыр» жыры «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының батырлық жырларға арналған топтамасында Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» циклы бойынша бесінші томында жарияланды.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

 «Едіге – Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген атақты батыр. «Едіге батыр» жырының кейіпкері, тарихта аты қалған тұлғаны қазақ халқы ғана емес, башқұрт, өзбек, Сібір татарлары сынды түркі халықтары да өз елінің батыры деп есептейді.  

«Едіге батыр» жыры тарихи оқиғалар мен эпостық ертегілердегідей қиял-ғажайып әсірелеу сарынында жазылған. Бұл жыр туралы бірнеше ғалым зерттеу жұмыстарын жүргізді.  Осы орайда Қызылорда облысы, Сырдария аудандық орталық кітапханасында «Ел қамын жеген Едіге батыр»  атты таным кеші өтті. Аталған шара Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай даңқты батырды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Едіге» жырының тарихи негіздерін ғылыми тұрғыда талдап, саралай отырып, пікір айтқан  алғашқы ғалым – Шоқан Уәлиханов. «Едіге» жыры XV ғасырда жазылып құрастырылған. Бұл туралы жырдағы сөз тіркестерінен байқауға болады. Өйткені, ондай тіркестер қазіргі қолданыста жоқ. Бұған ғылыми дәлелдер де бар. Жырдың бас қаһарманы – Едігенің тарихи кейіпкер екенін дәлелдеп айтқан ғалым да Шоқан Уәлиханов еді. Ал академик Қаныш Сәтпаев жас кезінде ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927 жылы Мәскеуде «Ер Едіге» деген атаумен басып шығарды. Ғалым осы жыр үшін 1950 жылы қудаланған болатын. Жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін көрмеген «Едіге батыр» жыры «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының батырлық жырларға арналған топтамасында Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» циклы бойынша бесінші томында жарияланды. Қаныш Сәтбаев жариялаған жыр нұсқасы 1995 жылы «Ер Едіге» деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып жарыққа шықты. Сондай-ақ, 1996 жылы қазақ ғалымдарының құрастыруымен «Едіге батыр» жыры басылды», - деп кітапханашылар жыр туралы құнды мәліметтер берді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары