Семейлік «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері экспедициямен Мұқыр өзеніне барды. Аумақты зерттеу кезінде өлкетанушылар дөңнің үстінен ағаш діңі мен тамырына ұқсас ерекше тастарды тапқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Өлкетанушы Павел Жуковтың айтуынша, миллиондаған жылдар бұрын Қазақстан жерін «Ежелгі Тетис мұхиты» деп аталатын теңіз толқындары шайып тұрған. Ол заманда материктердің орналасуы басқаша еді. Жер қабаттарының қозғалысы мұхит тереңдігі мен жағалаудың сұлбасын өзгерткендіктен, сондағы өсімдіктер суға батып тұрған.
«Биологиялық қалдықтар әртүрлі минералды тұздардың шоғырлану орталығына айналды. Қабаттар көтеріліп, мұхит кеткеннен кейін, қазір біз тұрған аумақ шөгінді жыныстардың орталығы болған.
Осы өңірдің көп бөлігін сары, сарғыш шөгінді жыныстар алып жатқанын көрдік. Бұл – темір тұзы. Бірақ, кейбір ағаш діңдері тұрған жерде марганец тұзы шоғырланған. Олар түсімен, құрамымен және сыртқы түрімен ерекшеленеді. Пайымдауымызша, біз марганец тұзы шоғырланған ежелгі ағаштардың қалдықтарын таптық», - деді Павел Жуков.