$ 494.87  520.65  4.91

«1-3 градус үсік жүреді»: 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша кей жерге тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

28 қыркүйек, дүйсенбі күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне жауын жаумайды, күн ашық болады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерге тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерінде жел екпіні – 15-25 м/с, шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысында кей жерге тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үсік #ауа райы