$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

Rixos Turkistan – бұл қаладағы маңызды туристік нысандардың бірі.

 Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Айдос Үкібайдың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, әуежай қаладан 20 км қашықтықта орналасқан, заманауи технологияны қолдана отырып, халықаралық талаптарға сай салынған. 

Rixos Turkistan – бұл қаладағы маңызды туристік нысандардың бірі. Ол отандық инвестордың есебінен тұрғызылған. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейдегі қонақүйге бас сұқты.  

Сондай-ақ, экс-президент "Түркістан-Арена" стадионында болып, кейін «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасының Түркістан өңіріне барғаны туралы  ақпарат жариялағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары