Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айдос Үкібайдың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, әуежай қаладан 20 км қашықтықта орналасқан, заманауи технологияны қолдана отырып, халықаралық талаптарға сай салынған.
Rixos Turkistan – бұл қаладағы маңызды туристік нысандардың бірі. Ол отандық инвестордың есебінен тұрғызылған. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейдегі қонақүйге бас сұқты.
Сондай-ақ, экс-президент "Түркістан-Арена" стадионында болып, кейін «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасының Түркістан өңіріне барғаны туралы ақпарат жариялағанбыз.